Империядағы туған күн кеші

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру пьесы и драматургия. Оно опубликовано в 2020 году. Книге не присвоен международный стандартный книжный номер.

Аннотация

Аталған пьесада бұрынғы Совет Одағы деп аталатын алып империяның бір бөлшек сынығы болып табылатын Қазақстанда алғашқы кездері жабайы капитализм ретінде көрініс тапқан экономикалық, қоғамдық әлеуметтік трансформацияның бұрынғы совет адамдарының құндылықтар жүйесін астан-кестен еткен қым-қиғаш өзгерістері бейнеленеді. Бұрынғы мызғымастай көрінген социалистік моральді енді нарықтық экономиканың ақша мен капиталға табынған мінез-құлқы алмастырады. Сүйтіп қоғамда осы өзгерістерге тез бейімделгендер озып, ал бұрынғыша өздерінің тек адал еңбектері мен бұрынғы социалистік мәдениетке сүйенгендер жаңа социумның аутсайдерлеріне айналады. PDF-формат издания не отображает используемый <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге </span>шрифт.

Читать онлайн Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші


Екі бөлімді драма

Қатысушылар:

Айдар Сейтқалиұлы – жасы 40-тар шамасында, кәсіпкер

Ұлжалғас – 40-тар шамасында, Айдардың жұбайы

Болат – Ботик – 17-де, Айдардың ұлы

Берікбол – 35-тер шамасында, Айдардың ауылдан келген інісі

Сұлтанбек Ертуғанұлы – 50-лер шамасында, кафедра меңгерушісі, профессор

Гүлден – 27-28-дерде, аспирант қыз, Сұлтанбек Ертуғанұлының сүйікті шәкірті

Тойболды – 40-тар шамасында, аға оқытушы

Нұрсұлу – Тойболдының жұбайы, 38-39-дар шамасында

Сәния – 20-да, даяшы

Фараби – 19-да, даяшы

Бірінші бөлім

Кешқұрым

Толықсыған тамыз. Табиғат-ана дертіп,айы-күні жетіп, әбден піскен. Айдар Сейтқалиұлының екі қабатты жекеменшік ресторанының жаздық алаңындағы терасса, көзге ең алдымен сол ресторанның келісті фасады, екінші қабатындағы ұзын балконы, жартылай ашық тұрған қызыл қоңыр, биік емен есігі, есікке ілінген төрт бұрышты тақтайшаға көрнекті әріптермен кестелеген «Ресторан жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабық. Кешірім өтінеміз. Әкімшілік» деген жазу шалынады.

Ресторанның ауласы кісі бойындай, еңселі темір шарбақтармен қоршалған.Сол шарбақты жағалай өскен екі-үш шырша мен ақ қайыңы, үйеңкісі аралас тағы бір бес-алты түп ағаш жапырақтарын молынан жайып, жайқалып тұр. Аталған мекеменің кіреберісінің алдындағы постаменттерде екі арыстанның мүсіні қойылған, Бұл күшті, қаһарлы жануарлардың тас бейнелері аулаға сән беру үшін ғана емес, жұрт алдында осы мекеменің айбынын асырып, оның мәртебесін асқақтата түсу үшін де қажет болған секілді. Екі арыстан да тым тәкаппар, маңғаз. Олар осында келген қонақтарды бірінші болып қарсы алады.

Ресторанның маңдайшасында үлкен әріптермен оймышталған «Империя рестораны» деген жазу жарқырайды. Ол кешке қарай неон шамдарымен сәулеленеді. Жазудың екі қапталына орналасқан барьелефтерде де аң патшасы арыстанның бастары бейнеленген.

Жазғы алаңдағы террасада бір-біріне тіркестіре қойылған екі-үш үстел мен сол үстелді жағалай он шақты орындық қойылған.Үстелдердің үстінде тап-таза ақ шаңқан дастархандар, бақшадан жаңа ғана үзілген жас гүлдер салынған хрусталь вазалар. Сонымен бірге түрлі-түсті керамикалық тақталар төселген жаздық алаңды жағалай қойылған үлкен қыш құмыраларда да көздің жауын алып, қызылды-жасылды сәндік гүлдер мен өсімдіктер өсіп тұр. Осылардың бәрі жиналып келіп бұл мекемедегі сәніне салтанаты келіскен тоқ,, бақуатты өмірді айғақтайтындай. Ресторанның ішінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, пьесаның екі бөліміндегі барлық оқиғалар осы жаздық алаңда өтеді.


Рекомендации для вас