Желтоқсан желі

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру пьесы и драматургия. Оно опубликовано в 2020 году. Книге не присвоен международный стандартный книжный номер.

Аннотация

1986 жылдың желтоқсанында Совет Одағының бұрынғы республикалардың бірінде СССР деп аталатын әлемдік державаларлың бірінің құлауының ең алғашқы жаршысы болған айтулы оқиға болды. Осы сәттен бастап қазақ қоғамы әрқайсысы өз мүдделері мен идеалдарын қызғыштай қорғаған екі бітіспес лагерьге бөлінеді. Пьесада сол кездегі әлгі екі лагерьге бөлінген азаматтардың ерікті және еріксіз түрде өз құлқы мен мінезін, сезімін жалаңаштап тастауына мәжбүр еткен сол бір түннің оқиғасы суреттеледі. 1998 жылы Тараз қаласында өткен театр фестивалінде Гран-приге ие болған бұл драма бойынша қойылған спектакльдер қазіргі күндері Қазақстан театрларының сахналарында қойылуда. PDF-формат издания не отображает используемый <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге</span> шрифт.

Читать онлайн Серік Асылбекұлы - Желтоқсан желі


Екі бөлімді драма

Қатысушылар:

Баймырза – пәтер иесі, жасы 65-терде

Талшын – оның жұбайы, 60-жаста

Қайсар – демонстрацияға қатысушы, 21-жаста

Ақмарал – демонстрацияға қатысушы, 24-жаста

Мария Перовна – Баймырзаның көршісі, 45-50 шамасында

Тимур Қалдыбаевич – беймезгіл қонақ, 45-тер шамасында

Бірінші бөлім

Алматы. 1986 жыл. 18-желтоқсан. Қысқы кеш. Ел орынға отырған мезгіл. Бір бөлмелі қалалық жайлы пәтер. Үстіне пижама киген Баймырза залдағы диванның үстінде электр шамның жарығымен кітап оқып отыр.

Кенет пәтердің сыртқы есігі елеусіздеу ашылады да, үйге ентіге басып, Қайсар мен Ақмарал алқын-жұлқын кіріп келеді. Олар есіктің ішкі кілтін жайымен сырт еткізіп жабады да, алакөлеңке коридордың бұрышына тығылып тұра қалады. Екеуінде де өң мен түс жоқ.

Баймырза: /сол қолындағы кітапқа үңілген қалпы/.

Ке-ем-пі –ір!.. А, кемпешка!.. /Ешкім үн қатпайды./

Тағы да үнсіздік.Баймырза кітабы мен көзіндегі көзәйнегін бұрыштағы жатаған үстелдің үстіне қойып, орнынан тұрды да, тәпішкесін тырп-тырп басып, коридорға шығады.

Қайсар: /қысыла сыбырлап, ентігін әлі баса алмаған күйі/

Сәлеметсіз бе,аға!…

Ақмарал: Амансыз ба…

Пәтер иесі алғашында беймезгіл, шақырылмаған қонақтарға аңтарылып, таңданған кейіппен сілейіп тұрып қалады.

Баймырза: Саламатсыздар … Иә, бұл қай баласыңдар? Шынымды айтсам, жүздеріңді шырамыта алмай тұрмын.

Қайсар: Аға, сіз бізді танымайсыз. Біз…

Ақмарал: Біз демонстрациядан қашып шықтық. Ағай кешеден бері Брежнев алаңында қазақ жастарының Орталық комитет пленумының шешімдеріне қарсы болып, наразылық білдіріп жатқанын естіген шығарсыздар…

Баймырза: Иә-иә, естігем. Құлағы керең, немесе мылқау біреу болмаса, оны естімеген жұрт жоқ болар бүгінде.

Ақмарал: Ендеше, біз сол демонстанттардың біріміз. Жаңа солдаттар бәрімізді өрт сөндіргіш машиналардан су шашып, қару қолданып, алаңнан қуып шықты. Қолдарына түскендерін тұтқындап, түрмеге жауып жатыр…

Қайсар: Бізді де бес-алты жазалаушы осы араға дейін қуып келді. Әзер қашып құтылдық. Әйтеуір сіздің пәтердің есігі ашық тұр екен…

Баймырза:/әлі де аң-таң қалған кейіптен арыла алмаған күйі/ Иә,ашық болса, ашық тұрған шығар. Әлгінде осы үйдің кемпірі далаға мусор төгуге шыққан.

Ақмарал:/көздері боталап, жылап қоя береді/ Ағай, бізді қуып шыға көрмеңізші! Жаңағы солдаттар ұстап алса, бізді құртады!..

Баймырза:


Рекомендации для вас