Қытай экономикасындағы бəсекелестік, сенімділік жəне даму

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанрам история экономики, книги по экономике. Оно опубликовано в 2025 году. Книге не присвоен международный стандартный книжный номер.

Аннотация

Бұл кітапта автор Қытай экономикасының өткені, қазіргі мəселелері мен болашақтағы өсу перспективаларынтүсінуге арналған экономикалық теорияларды ұсынған.

Қытай өркениеті – əлемдегі ең көне əрі ең ұлы өркениет.Бұл кітап оқырмандарға кезінде Қытайдың күйреугежақындап барып, дамуға бет алған тəжірибе сабақтары,Қытайдың болашақ перспективасы, алдағы жылдардағыдаму мүмкіндіктері, өзара тиімді ғаламдық ынтымақтастықжолын құру тəсілі, əлемдік БАҚ-тың бірнеше рет болжамжасағанына қарамастан, тұрақтылығын сақтап, гүлденуініңсебептерін түсінуге көмектеседі.

Бұл кітап Қытай экономикасына қызығушылықтанытқан көпшілік оқырман қауымға арналады.

Читать онлайн Ифу Линь - Қытай экономикасындағы бəсекелестік, сенімділік жəне даму


АЛҒЫ СӨЗ

Бұл кітап менің соңғы жылдары жариялаған мақалаларымның жинағы, оның мақсаты – Қытай экономикасының өткені, қазіргі мəселелері мен болашақтағы өсу перспективаларын түсінуге арналған экономикалық теорияларды ұсыну. Қытай өркениеті – əлемдегі ең көне əрі ең ұлы өркениет. Мэдисонның бағалауы бойынша, 1820 жылы Қытай экономикасы əлемдік экономиканың шамамен 30%-ын ұстаған. Алайда өнеркəсіптік революциядан кейін Батыс жылдам дамып, Қытайдың əлемдік экономикадағы үлесі Қытай Халық Республикасы құрылған кезде, яғни 1949 жылы 4,2%-ға дейін төмендеген.

Басқа дамушы елдер сияқты Қытай үкіметі индустрияландыруды ұлттық жаңғыру жолы ретінде жүргізді. Қытай экономикасы жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде ондаған жылдар бойы кедейшілікті бастан өткеріп, 1978 жылдан бастап қарқынды өсті. 1978 жылдан 2021 жылға дейін орташа жылдық өсу қарқыны – 9,2%, бұл адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған экономикалық дамудың кереметі. 1978 жылы Қытайдың жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 156 АҚШ долларын құрап, Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінің орташа көрсеткішінің үштен бірінен аз болды, 2021 жылға қарай 12 551 АҚШ долларына дейін өсіп, 2025 жылға қарай табыс деңгейі жоғары елдер үшін Дүниежүзілік банк белгілеген 13 205 АҚШ долларынан асады деп күтілуде. Бір қызығы, Қытай нарықтық экономикаға көшу барысында жалпы жұрт қабылдап, экономикалық теорияға айналған «Вашингтон консенсусының» ұсыныстарын қолданған жоқ. Ал басқа дамушы елдер нарықтық экономикаға көшкенде стандартты əдіснамаға сəйкес экономикалық құлдырау, тоқырау жəне дағдарысты жиі бастан кешірді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамушы елдердің көпшілігі саяси тəуелсіздікке қол жеткізіп, дамыған елдердің доктриналарын басшылыққа ала отырып, модернизация мен индустрияландыру үдерісін бастады. Алайда олардың ішінде тек санаулысы ғана дамыған елдермен табыс алшақтығын қысқарта алды. Бұл елдердің немесе аймақтардың көпшілігі Шығыс Азияда орналасқан, олар жалпы жұрт қабылдаған теорияларды қате деп есептейтін саясат жүргізді. Мысалы, Шығыс Азияның жаңа индустриалды елдері, соның ішінде Оңтүстік Корея, Тайвань, Қытай, Гонконг жəне Сингапур 1950–1960 жылдары заманауи өнеркəсіпті дамыту үшін дамудың бастапқы кезеңдерінде жалпы импортты алмастыру стратегиясын қабылдамай, дəстүрлі шағын əрі еңбекті көп қажет ететін салаларды дамытып, өнеркəсіптік баспалдақпен бірте-бірте көтерілу мақсатында экспортқа бағытталған стратегияны қолданды. Нəтижесінде 1980–1990 жылдар аралығында Қытай, Вьетнам жəне Камбоджа сияқты елдер жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде маркетингілеу, жекешелендіру, тұрақтылық басым болған «үлкен жарылыс» тəсілін емес, кезеңдік жəне спорадикалық тəсілді қолданып, серпінді өсуге қол жеткізді.


Рекомендации для вас