Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong)

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанрам сказки, зарубежные детские книги. Оно опубликовано в 2025 году. Книге не присвоен международный стандартный книжный номер.

Аннотация

Бұл кітапта автор қытай халық аңыздарын қазіргі кезеңге сай құрастырып, заманауи ертегілерді жазып шыққан. Оқырманды өзіне тарта түсетін ертегілер қызықты оқиғаларға құрылып, көркем тілмен баяндалған.

«Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong)» кітабында «Чжун Ли», «Фэйхуан (Ұшатын жылқы)», «Динлиндер», «Шань Гао», (От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong), «Мақтаншақ», «Бучжоушань тауы Q нұсқасы», «Янхого елі» атты сегіз ертегі топтастырылған.

Кітап кішкентай оқырмандарға, сондай-ақ қытай халық ертегілеріне қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналады.

Читать онлайн Мао Сяо - Тау мен теңіз ертегілері. От құдайы Чжу Жун (Zhu Rong)


АЛҒЫ СӨЗ


Сяо Мао ұстаз өзім ұнататын балалар әдебиеті жазушыларының бірі. Ол маған «Балалықтың фото-суреттері», «Күндіз қандай болады?», «Шабарман» сынды бірнеше шығармасын ұсынып еді. Мен оларды Weibo-ның «Балалар кітабы» сайтына шығарғанмын. Сяо Мао маған сыйлаған әрбір кітабына «Балалар оқуы – барлық оқудың негізі», «Жұмыр басты пенденің бәрі махаббат пен арман қуған тұлпарлар», «Қызықты кітаптар оқып, көңілді адам болайық» және т.б. нақыл сөздерімен қолтаңба жазып беріп отырды. Оның әде-би шығармашылығы мен оқу туралы ойларын осыдан толық байқауға болады.

Жақында «Минтянь» баспасының редакторы Сяо Мао мырзаның жаңа кітабының баспадан шығаты-ны туралы айтып, менің сол кітапқа алғы сөз жазып беруімді өтінген болатын. Мен кітаптың «Тау мен теңіз ертегілері» деген ерекше атауын естігенде, қауырт жұмысымды қайырып қойып, бірден келісімімді бердім.

«Таулар мен теңіздердің классикасы» (Шань хай цзин) – Қытайдың Цинь дәуіріне дейін жа-зылған ежелгі кітабы, еңбекте негізінен география,табиғат байлықтары, наным-сенімдер, бақсылық пен мифтер, сондай-ақ ежелгі тарих, медицина,әдет-ғұрып, халықтар, т.б. туралы мағлұматтар топталған. «Таулар мен теңіздердің классика-сы», «Теңізді толтырған Цзинвэй», «Күнді қуған Куафу» сияқты таныс мифтер мен әңгімелер ғана емес, сонымен бірге кітапта біз көп біле бермейтін тамаша таулар мен өзендер, сиқырлы жаратылыс-тар туралы айтылады.

«Таулар мен теңіздердің классикасы» көне тарих пен географияны, жергілікті ерекше өнімдерді зерт-теуге мол деректер береді. Сондай-ақ кітапта сөз болған фантазиялық сипаттағы, таңғажайып миф-аңыз ертегілер әдеби шығармашылыққа құнды элементтер беретін кеніш саналады. Ол балалар әдебиеті шығармашылығы үшін де үлкен мүм-кіндік бере алады. Қазіргі заманғы қытай әдеби-етшілері «Таулар мен теңіздердің классикасын-дағы» жер-су атаулары, өсімдіктер, құбыжықтар сияқты өкілдік элементтерге негізделе отырып,оларды әдеби туындыларға айналдыру сынды жаңғырту жұмысын жүргізіп келеді. Жақында Қытайда жарық көрген «Қайта оралған батыр» және «Құбыжық аңдар» дейтін танымал екі фильм де «Таулар мен теңіздердің классикасы» атты шығарма мазмұны негізінде жазылғанын білеміз.

Сяо Мао ертегілерінде «Сяо Маоның өзіне тән ерекшеліктері бар» деген пікірді жиі естиміз. «Тау мен теңіз ертегілері» топтамасына келер болсақ, одан да сол ерекшеліктерді кездестіреміз.


Рекомендации для вас