Әлемдердің Раббысы барлық нәрсеге шексіз күш иесі болғандықтан, Аллах көптеген керемет қасиеттерге ие. Әлемдердің Раббысының кез-келген есімінің Оның жоғарғы қасиеттерді сипаттайтын өзіндік ерекше мәні бар.
Бұл мақтауға лайық есімдер оларды еске алушылар үшін көптеген артықшылықтар беретіні белгілі. Оларды жаттаудың үлкен артықшылығы – Алланың есімдерін білу Алланы тануға әкелетіні ғалымдардан да белгілі.
Хақ Тағаланың ризашылығын білім арқылы іздейтін адамдар үшін Жаратушының 99 есімінің тізімі дайындалды. Және әр есімнің мағынасы, сипаттамасы, күнделікті қайталану саны және дұғада еске түсірудің артықшылықтары туралы мәліметтер берілген.
Біз Жаратушымызға сенушілердің Өзіне жақындауы жолдарын жеңілдеткені үшін және Өзінің есімдері арқылы сұрауға, жалбарыныға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.
Алладан басқа ешкімде күш те қуат та жоқ.
Алланың көркем есімдерін қалай тез үйренуге болады
Барлығы Алланың 99 негізгі есімдері, сонымен қатар бірқатар қосымша есімдері бар. Бұл атаулардың барлығы Алла Тағалаға тиесілі және бір ғана Жаратушының бар екеніне куәлік етеді.
Күн сайын Алланың көркем есімдерінің мән мағынасына ой жүгіртіп, түсініп күнде қайталау, яғни зікір ету, есімдерді тез жаттауға көмектеседі. Сонымен қатар, дұғаларыңызда көркем есімдерді үнемі пайдалану есте сақтауға тағы жақсы ықпал етеді.
Мысалы, сіз кез келген есімінің мағынасын түсініп, оны күні бойы белгілі мөлшерде қайталау арқылы миыңызға қондыра алу әбден мүмкін. Ал, қайталағаннан кейін дереу осы көркем есімінің құрметіне дуа жасап тілек тілеу де өте сауапты істен болады.
Сонымен, біріншіден, сіз зікір арқылы Жаратушыны үнемі еске түсіріп отырасыз, екіншіден, назарыңызда үнемі алға қойған мақсат бен жоспарларды ұстап жүресіз. Өздеріңіз білетіндей, мақсат қою сүннет болып келеді.
Ең бастысы – жаттауға ниет етіп, Алладан көмек сұрап, әрекет ету – КҮНДЕЛІКТІ қайталау.
Күнделікті қайталаудың (дауыстап немесе іштей) келесі тәсілдері ұсынылады:
– Өзіңізге таңертең, түстен кейін және кешке немесе өзіңізге ыңғайлы уақытта ескерту қойып белгілі бір мөлшерде күні бойы қайталаңыз. Әрбір атаудың сипаттамасында қайталау саны көрсетілген. Бұған ең көп дегенде 15 минутты уақытыңызды жұмсайсыз. Және де сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша қайталау санын көбейте аласыз.