Мақалалар жинағы

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру общая история. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785005104557.

Аннотация

Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Читать онлайн Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы


© Мұхтар Бақытұлы, 2022


ISBN 978-5-0051-0455-7

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

ЖЫЛКЕЛДІ РУЫНЫҢ ТАРИХЫ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

«Осы кітапты оқып, білмегенін

ұққан мұсылман біздің атымызды

атап Фатиханы оқысын…»

Әбілғазы Баһадүр «Түрк шежіресі»

Кіріспе


Жүрегі қазақ деп соғатын Адам баласы қашанда өзінің шыққан тегін іздеп, өзін қайдан тарағанын біліп, танып, білгенін атадан балаға жеткізгені, өткен заманнан келген рухани және материалды-мәдени құндылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қолыңызға тиіп отырған кітапта біз Ұлытау өңірін мекендеген Бағаналы Найманның бір баласы Жылкелдінің шыққан тегін, тараған ұрпағын суреттеп, сіздің назарынызға ұсынып отырмыз.

Алланың адамзатқа жіберген соңғы жолдауы, қасиетті Құран Кәрімде былай деп жазылған: «13. Ей, адамдар! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауа) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар және рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шексіз Аллаһ толық білуші, әр нәрседен хабар алушы.» (49 Сүре. Хужурат). Құдыретті Жаратқан осы сүрені жіберіп, өз шыққан тегіңді, руыңды, еліңді біл деп бұйырған. Яғни, шежіре жазу, шыққан руыңның тарихын зерттеу, кейбіреулердің түсінігіндей, трайбализм, немесе елді жік-жікке бөлу емес.

Тіпті әруақтарды мазалай бермеңдер дегендерде шығады. Жоқ, шежіре жазу әруақтарды мазалау емес, керісінше, кітапта марқұмдардың аты аталған сайын дұға болып қабылдансын деген ниетпен жазылады. Шежірені қалыптастырып, қағаз басылымына еңгізу және оны жылдар өткен сайын жаңартып тұру нағыз мұсылманның міндеттерінің бірі. Ал, Қазақ елінде бұл жұмыс ру-тайпалық сапты бір тәртіпке келтіру деп таныған жөн.

Қазақ шежіресін зерттеу – байырғы заманнан келе жатқан ұлт дәстүрі. Атадан балаға тіл әдебиетімен жететін жешіре, әсіресе, түрктілдес елдерде, мәдениеттің төрінен орын алған. Сол сөзбе-сөз айтылып жүретін шежірелерді бір сатыға қойып жазып, бір-бірінен көшіріліп алынған жылнамалар сол рухани құндылықты бүгінгі біздерге жеткізді.

Ол жылнамалар маңызды ақпарат арқылы біздің жұмысымызға керекті тарихи логиканы құрастыруға көп үлес қосады. Қасиетті Құран Кәрім Адам баласының пайда болуынан Алланың соңғы елшісі, пайғамбарымыз Мұһаммедке дейін, ортағасырлық жылнамашылары, Нұһ пайғамбардан түрк тайпаларының шыққан тегі мен Оғыз заманына дейінгі тарихи оқиғаларды таратып береді.


Рекомендации для вас