Таңсық перзенті

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру биографии и мемуары. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785449382979.

Аннотация

«Кіндігімнің жас қаны Тамған жері ауылым»«Жусаны мен жуасы Бұрқыраған ауылым»(Базарбаевтың әнінен).Мәмилә Жарміш қызына арналады.

Читать онлайн З.С. Қағазбек - Таңсық перзенті


© З.С. Қағазбек, 2018


ISBN 978-5-4493-8297-9

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

З. С. Қағазбек

ТАҢСЫҚ ПЕРЗЕНТІ

«Кіндігімнің жас қаны

Тамған жері ауылым»

«Жусаны мен жуасы

Бұрқыраған ауылым»

(Базарбаевтың әнінен)

Алғы сөз орнына Бөдес, оның туған бауырлары, қарындасының әкесі Малай ата туралы бір-екі ауыз сөз айтуды жөн көрдім.

Малай ата Таңсық аймағының ардақты азаматы, аяулы перзенті. Малай Біткенбай ұлы ерлік пен өрліктің, парасат пен ақылдың, ұждан мен намыстың көк байрағын биікке желбіреткен азаматтың есте қалары даусыз.

Малай ата туралы Оразбек Бекбосынның «Су ағасы – Жақсылық», – атты кітабынан үзінді берейін: «Малай Біткенбайұлы 98 жасында 1973 жылы қайтыс болды. Ел ішінде, ағайын арасында өте сыйлы еді.


Көп сөйлемейтін. Жасында қайратты болған. Қолы шебер еді. Колхозда ұсталық етті. Ертеде Қараауыз елінің жылқысын Берліке деген елдің адамдары түнімен аңдып, таңға жақын күзеттегі Таяқбекті ұрып жығып, серіктестерінің басын жарып, үйір жылқыны айдап кетеді. Ауылда бір ғана бәйге атты арқандап ұстап отырса керек. Одан басқа ат болмаған соң ауыл адамдары түйе, өгіз мініп жылқының артынан қуады. Жылқы алушыларда бір мылтық болыпты.

Құғыншыларды күтіп алады. Әлгі бәйге атпен жетіп барған жігітті ырық бермей қуып тастап, ол қайта-қайта түйе, өгіз мінгендерге келіп тығылады. Сонда ауыл адамдары; «Астындағы атыңды Малайға міңгіз», – деп шулайды.

Астындағы түйесін тастап атқа мінген Малай әлгі бір топ адамды қуып жете бергенде мылтықты басшысы: «Атамын!», -деп айғайлайды. Сонда Малай сөзге айналдырып, «Не болды, неге атасың?», -деп жақындап барып қас-қағымда мылтықты сойылымен қағып жіберіп, анандай жерге ұшырып түсіреді.

Сойылын қайта сілтегенде өзін аттан түсіріп, оның мінген атын артында келе жатқандарға ұстата береді. Сонымен он бес шақты адамды біріне соң бірін ұрып түсіріп үйір жылқыны аман-есен алып қалыпты».


Қымбатты менің туысқандарым, бауырларым!


ТАҒЫ ДА БІР ЕСІМЕ САҚТАҒАН ӘҢГІМЕЛЕРДІ ТАРҚАТУҒА ТУРА КЕЛІП ТҰР

Бастау

Менің жасым тоқсанға таяп келе жатыр, осы әңгімені жазып үлгерсем бе деп едім. Мен жазушы емеспін, тек ойыма сақтаған ата-аналарымнан, үлкендерден естігенімді, өзімнің бала кездегі көргенімді, білгенімді айтып, туысқан арасында кейбір ұмытпайтын игі жақсылықтар кейінгі жастарға қалса деймін. Мен жазып қалдырамын, бірақ сөз ұйқасы, тіркесі келмей жатса, кешірерсіздер. Өйткені 35 жылдай мектепте жоғары сынып оқушыларына орыс тілі және әдебиетінен сабақ бердім. Кейбір сөздер келмей жатса түсіністікпен қарар деген үміттемін. 1986 жылғы оқиғадан кейін қазақ жазушылары мен ақындардың еңбегін оқи бастадым.


Рекомендации для вас