Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Әр адамның өмірі – үлкен сынақпен сол сынақты жеңуге берілген үлкен мүмкіндік. Біз кейде өмірді бағаламай, күнделікті күйбеңмен жүріп, шынайы мақсатымызды ұмыт қалдырамыз. Ал шын мәнінде, әрбір таңның атысы, әрбір кештің батысы бізге берілген жаңа мүмкіндік, жаңа бастау. Сол мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, жүрек тазалығымен, адал ниетпен әрекет ету – нағыз бақытқа жеткізетін жол.
Кешеректе дәптеріме жазылып жүрген еңбегімді, жүрегімнен шыққан ойларымды, өмірден түйген сабақтарымды бөлісуді жөн санадым. Әрбір сөзім – менің өзімнің ізденісім, өзімнің қателігім мен жеңісімнің жемісі. Оқырманға ой салса, шабыт берсе – мақсатымның орындалғаны. Шықпаса – арманымның орындалғаны…
Адам өмірі – Каспий теңізіндегі кеме секілді. Әрбіріміздің алға қойған мақсатымыз – барар жеріміз, жетер айлағымыз бар. Бәлкім елімізді сағынармыз не болмаса елімізден кетуді армандармыз яғни: жетістік пен тыныштық үшін. Бірақ сол жолда бізді түрлі дауылдар, тосыннан соққан желдер, яғни өмірдің қиындықтары күтіп тұрады. Кейде сол дауыл бізді құлататындай, ағысы қарсы алып, кері итеретіндей көрінеді. Бірақ шын мәнінде дауылдың өзі бізді тоқтата алмайды. Оны қалай қабылдап, қалай пайдалану – өз қолымызда. Ал ол білім – осы кітапта!
«Я слыхал от бывалых моряков, которых обучало само море, что иногда шторм в значительной степени меняет их курс. Похоже, сегодня у нас есть тому подтверж-дение. Да, старые моряки знают, о чём говорят. Настоящий триумф опыта над уста-ревшими знаниями из отсталых учебников.»
Каспий кеме капитаны дауылға қарсы емес, желге қарай желкенді бұрғанда ғана алға жылжиды. Бізде сынақ келсе, сабыр етіп, қиындықты дұшпан көрмей, оны тәжірибеге, жаңа мүмкіндіктерімізге айналдырсақ, мақсатымызға жетеміз. Өмірде әр кедергі бізге бір нәрсе үйретеді! Сондықтан да өмірдің әр дауылынан сабақ ал! Себебі: өмір – ең жақсы мұғалім! Ал сен дұрыс оқысаң – ең жақсы шәкірт бол!
Сондықтан да өмірдегі дауылдардан қорықпау керек. Оларды басқаруды үйренген жан ғана шын мәнінде Каспий кемесінің капитанына айналады.
Өмірді мәнді ету әркімнің өз қолында. Жақсы ой, дұрыс ниет, табанды әрекет – бәрінің бастауы да, жалғасы да осыдан өрбиді. Бізді адам ететін – өмір үшін күрес. Біздің қалауымыз ешқашан да бітпейді! Ішіміздегі аңды жеңу арқылы ғана бақытты боламыз! Кітабымдағы көк сөздер мен өлеңдерім оқырмандарға аманат!