Әке жүрегінен қыз жүрегіне. Өмірлік серігің болсын

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру общая психология. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785006791626.

Аннотация

«Бұл кітап – әкенің өз қызына қалдырған жүрек сөзі. Әке махаббаты, өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері бір арнаға тоғысқан осы еңбекте қыз балаға арналған ізгі тілек пен насихат бар. Әке аманаты – қызының жүрегіне шамшырақ болсын.»

Читать онлайн Бақдәулет Ибрагимов - Әке жүрегінен қыз жүрегіне. Өмірлік серігің болсын


© Бақдәулет Султанбайұлы Ибрагимов, 2025


ISBN 978-5-0067-9162-6

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Кіріспе

Алғы сөз

Қызым…

Сен бұл жазбаларды қай жаста, қай күні, қай көңіл күймен оқып отырғаныңды мен білмеймін.

Бірақ бұл кітап сенің қолыңда болса – демек менің саған айтар сөзім жеткені.


Мен бұл кітапты сен 8 айлық сәби кезіңде жазуды бастадым. Әлі тілің шықпаған, қадам баспаған шағың. Бірақ жүрегімде саған деген мың сөз, мың тілек, мың уайым бар еді.

Өмір деген – жай ғана күндер тізбегі емес. Ол – сынақтар мен сабақтар, қуаныштар мен көз жас араласқан үлкен жол. Сол жолда сен жалғыз емессің.


Мүмкін мен ертең саған бәрін айтып үлгермейтін шығармын.

Мүмкін өмір мен жоспар бір жолмен жүрмейтін шығар.

Сол үшін осы парақтарда мен саған барымды жазып кеткім келді:

өсиет, насихат, махаббат, дұға, тілек.


Сен – біздің армандаған сәбиімізсің.

Сен – анаң екеуміздің түнгі дұғаларымыздың жауабысың.

Сен – Алланың бізге берген нығметісің.


Бұл кітап – саған қалдырған байлық емес, бағыт.

Оқып отырып мені көрсең, мені түсінсең, мені сағынсаң – соның өзі мен үшін жеткілікті.


Қызым дәл қазір мүмкін қасыңда емес шығармын, мүмкін сен оқуда немесе тұрмыста не болмаса өз жоспарыңмен менен алыста жүрген боларсың. Қолыңнан ұстап, құшағыма алып айта алмасам да – осы кітаптан даусымды есті.

Сен – өмір бойы дұғамда жүретін менің қызымсың.


Ізгі тілекпен,

Әкең

Қызым, егер мен болмасам…

Қызым, менің кішкентай гүлім,

Бұл жазбаларды сен есейіп, ой түзей бастағанда оқисың. Бәлкім, мен сол сәтте жанында болармын, бәлкім болмауым да мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да, бұл жолдар – менің саған қалдырған жүрек сөзім, аманатым.


Адам баласының өмірі ұзақ бола ма, қысқа бола ма – оны Алла біледі. Бірақ ақыл мен тәлім, сөз бен өсиет қалдыру – әр әкенің парызы. Бұл кітапты мен саған – сен өмірден адаспай, жан дүниеңді сақтап, жүрегіңе жарық ала жүр деп жазып отырмын.


Қазір сен біздің үйдің жарығы мен жұпарысың. Сенің тәтті күлкің мен енді-енді шығып келе жатқан қылықтарың үйімізді гүлге, жүрегімізді шүкірге толтырып жүр. Әлі тілің шықпаған, тәй-тәй баспаған кезің. Бірақ дәл осы сәттің өзі – біздің өміріміздегі ең қымбат кезең. Ал бұл кітап – сен есейгенде, жүрегіңе дос болсын, жаныңды түсінетін сырлас болсын деп жазылды.


Болашақта сенің басыңнан не өтетінін білмеймін. Бірақ мен саған сенем. Сен дана боласың, мейірімді боласың, өз ұлтыңның қадірін білетін қыз боласың деп үміт етем. Бұл кітапта менің өмірден көрген, түйген, жүректен өткізген ақиқаттарым бар. Сені жамандықтан сақтайтын қалқан болсын деп, шын жүректен жазылды.


Рекомендации для вас