Құдайға бойұсыну

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру современная русская литература. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785006757707.

Аннотация

Бұл кітапшада өз өмірімнен алған оқиғаларды, алған тəжірбелерді және өз ойымды жазуға тырыстым. Бəлкім біреуге тура жол табуға себепші болар. Құдай қаласа.

Читать онлайн Б. Ж. Темір - Құдайға бойұсыну


© Б. Ж. Темір, 2025


ISBN 978-5-0067-5770-7

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero


Құдайға бойұсыну

Алғы сөз

Алланың қалауымен бұл шағын кітапшада мен өз өмірімде болған оқиғаларды жəне өзімнің ой толғауларымды жеткізуге тырыстым. Бəлкім бұл біреуге тура жол табуға себепші болар – деген ой. Әлбетте əр адам жүрегімен Құдайға бет бұрса жəне Құдайға бойұсынса, Жаратушы оны тура жолға салады деп ойлаймын. Бəлкім бұл кітапшада жазған менің ойларым дұрыс емес шығар, алайда өз ойымды жазуға, не айтуға құқым бар деп ойлаймын. Жəне оқырманға мені қатты сынға алмауға шақырамын. Баспаға шығама, шықпайма ол бір Алланың қалауымен. Осы жазғанымды оқыған адамға өзгеге жеткізу менің аманатым болсын!

Темір Б. Ж.

Бет бұру

Бүгін күн ашық шырайлы. Өз ойымды осы парақ- шаға жазуды ұйғардым. Бұрын Құдай, дін туралы аса ой қозғамайтынмын. Күндердің бір күні Құдай маған ұл сыйлады. Алайда ұлым Серік туғанда қиындықтар болды. Дәрігерлер балам кеш сөйлеуі мүмкін деді. Мектепке кеш баруы мүмкін еді. Өз балан ауырса өте қиын екен. Телевизорда көрген бір кино есіме түсті. Шынайы өмірден алған. Онда бір Америка еліндегі полицей қы- зметкерінің қызы ауытқумен ауратын және дәрігерлер қызына аз өмір сүру қалды деп диагноз айтады. Əлгі по- лицей қатты қиналады, жұмыста да өз жұмысын дұрыс атқара алмаған соң, кейін оған бастығы демалыс береді. Олда телевизор қарап отырғанда бір христиандық мешіт туралы ақпарат көреді. Онда дұға етіп жалбарынып, Құдайдан сұраса дұғасы қабыл болады екен. Сонда әлгі полицей шешім қабылдайды. «Жеті күнде сол мешітке жүгіріп барып дұға етемін, қызым тағы бес жыл өмір сүрсін деп.» Ол мешіт оның үйінен 300 милде еді. Қаншалықты қиын болсада ол сол мешітке жүгіріп барып, дұға етеді. Дұғасы қабыл болып, қызы тағы бес жыл өмір сүреді. Алланың қалауымен осы есіме түсті. Сол күндері Рамазан айы таяп қалған еді. Менде 30 күн ораза ұстамақ болдым. Құдай менің де дұғамды қабыл етер деп. Аллаға шүкір. Балам осы күні мектепке барып үшінші сыныпқа көшті. Біз қай дінді ұстансақта Жара- тушы жүректегі мұнды біледі. Əрі Өзіне бет бұрғанды және сенгенді тура жолға салушы. Осы күні бізде қате тұжырым бар, менің дінім дұрыс, өзгенікі діні қате деген. Алайда мен- деген сөз адасуға апарады.

Жалған ақпарат

Бұл күнде интернеттік жүйе дамыған заман. Бір талай ақпараттар көз алдымызда өтіп жатыр. Ол ақпараттың ішінде ақиқаты да бар, жалғаны да бар. Жалған ақпарат көбіне бірнеше мақсатпен таратылады. Ол баяғы за- маннаң қолданып келе жатқан айла тәсіл. Елге дұшпан адамдар халық арасына жалған ақпарат таратып, оның үрейін қашырады, бір елдің адамдарын бір-біріңе ай- дап салады немесе өзге елмен жауластырады және т.б. құйтырқы әрекеттер жасайды. Бұл не үшін жасалады десеңіз, өз ішінде жауласып, бүліктен көз ашпайтын, өз- ге елмен жауласқан ел күндердің бір күні әлсіреп құл- дырайды. Сол кезде ол елді басып алуға оңай болады. Мұндай құйтырқы әрекеттер осы күні жалғасын табуда. Негізгі мақсат елдің қазыналарына мұнай, газ, түрлі-түсті металдар т.б. байлықтарына қол жеткізу. Бұл мақсатта барлық құйтырқы амалдар пайдалану мүмкін. Дүние үшін бәрін пайдаланады ақпаратты, экономиканы, по- литиканы, дінді және т.б. амалдар іске асыру мүмкін. Жаратушы бізді қандай да бір ақпаратқа тап болсақ, оны тексеріп алуға шақырады. Сондықтан қандай бір ақпаратқа тап болсақ, бірден әрекетке көшпей оны тек- серген жөн.


Рекомендации для вас