Бұл әңгімені Африка елді мекеніне барып келген, жер бұрғылау машинасының көмекшісі болған Жәнібек деген кісі маған айтып берген еді, соны сіздерге баяндап берейін.
Жәнібек:
– Бір күні, жұмыста отырсам, маған бригадир келіп, алыс іссапарға баратынымызды айтты, сұрасам: «әлі мен де білмеймін», – деп жауап берді, «бірақ жақсылап дайындалыңдар деген бұйрық келді», – деді. Мен өзіміздің көне жер бұрғылау машинамызды майлап, жұмысқа дайындай бастадым. Келесі күні, үлкен бастық жұмысқа келіп, барлығымызды жинап алып: «Африкадағы елді мекенге жер бұрғылап, су табуға көмектесуге барасыңдар», – деді. Ал біз болсақ әшейін ойын шығар деп ойладық.
Маған қарап: «енді ойлаш, Африкаға барамыз дегенге кім сенеді?», – деді.
– Келесі күні мен өз көзіме сенбедім, маған «сен тебесің», – деп жаңа, су құбырын бұрғылау машинасын әкеліп берді, сонда мен ойын емес екенін түсіндім. Бір жеті бойы дайындалып, жергілікті ауруларға қарсы екпелер жасап, Африкаға жолға шықтық. Жол қашық екен, ұшақтан ұшаққа мініп, одан үлкен қайыққа мініп, әйтеуір, бір Алла тағаладан жол сұрап, Африкаға жеттік. Бір қызығы, көрмеген жерлерді және әртүрлі елді мекендерді көрдік, ортамызда тіл білетін, бізге тамақ алып беріп жүрген, бір аудармашымыз болды, соған рахмет. Африка деген жердің бір жері екен, оны да көрдік, – деп мақтанды.
– Сол жақтағы Африканың бір елді мекеніне жеткен соң, жұмыс жасайтын жерімізді көрдік. Күн өте ыстық екен, +45 градус секілді сезінді. Киіз үй құрып орналасып болған соң, бір шынығып шай ішіп алдық. Қасымызда бір ауыл бар екен. Сол жақтан бізге ақ киім киген молда келді. Оны көрген біз көзіміз атыздай болып сұрадық: «мына молда не істеп жүр осы жақта?», – деп. Сөйтсек, барған ауылымыз көбіне мұсылмандар тұратын ауыл екен, өздерінің мешіті, медресесі бар екенін білдік. Келген молда араб тілінде өз батасын беріп кетті. Ал біздің аудармашымыз бізге қазақшаға аударып отырды.
Ал енді біз жұмысты бастап кеттік. Бір қызығы сол ауылдағы адамдар келіп сөйлеп кетеді, біз болсақ түсінбейміз. Күліп, иә-иә деп қана жауап береміз.
– Аудармашы сендерде бар емес пе?, – деп сұрадым мен.
– Иә, сол аудармашымыз келген адамдарға жауап беріп, біздің айтқандарымызды оларға аударып шаршады байғұс. Сол кезде бір бала көзіме түсті,