Wikipedia guide for beginners

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру руководства. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785006578357.

Аннотация

A step-by-step guide for beginners who want to contribute to the world’s largest free encyclopedia. This book covers the fundamentals of Wikipedia editing, from creating an account to writing well-structured, verifiable articles. With practical tips and insights, it helps new writers navigate Wikipedia’s rules, avoid common mistakes, and make meaningful contributions.

Читать онлайн Yerbol Sariyev - Wikipedia guide for beginners


© Yerbol Sariyev, 2025


ISBN 978-5-0065-7835-7

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Құрметті оқырман!

Білім – ұлттың баға жетпес қазынасы. Ал оны жинақтап, жүйелеп, көпшілікке қолжетімді ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы мақсатта Қазақша Уикипедия пайда болып, бүгінде мыңдаған мақаладан тұратын үлкен энциклопедияға айналды. Бірақ білім шексіз, ал оны толықтырып, дамыту үнемі үздіксіз еңбекті қажет етеді.

Бұл кітап – сіздің Уикипедиядағы алғашқы қадамдарыңызға бағыт-бағдар беретін құрал. Уикипедия – тек энциклопедия ғана емес, сонымен қатар еріктілердің ортақ еңбегінің нәтижесі, ашық білім алаңы. Мұнда әр адам өз білімімен бөлісіп, жаңа мақалалар жазып, бар ақпаратты толықтырып, тіл мен ғылымды дамытуға үлес қоса алады.


Қазақша Уикипедияны дамыту – қазақ тіліндегі сапалы әрі сенімді ақпараттың қолжетімді болуына жол ашады. Біздің тарихымызды, мәдениетімізді, әдебиетімізді, ғылымымызды ғаламдық деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Сондықтан әрбіріңізді осы игі іске атсалысып, өз біліміңізбен бөлісуге шақырамыз.

Білім – бөліскен сайын көбейетін байлық. Келіңіз, бірге жазайық, бірге үйренейік, бірге дамытайық!

Ізгі ниетпен,
Сариев Ербол

Қазақша уикипедияда мақала жазу, өңдеу және қауымдастықпен толыққанды жұмыс істеу үшін тіркелу өте маңызды. тіркелу арқылы сіз өз үлесіңізді сақтап, өңдеулеріңізді бақылап, басқа қатысушылармен байланыс орната аласыз

Тіркелу қадамдары:

– Уикипедия сайтына кіріңіз.

– Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Тіркелу» (Регистрация) батырмасын басыңыз.

– Қолданушы атын таңдаңыз.

– Латын әріптерімен немесе қазақша атау таңдауға болады.

– Қолданушы аты қысқа әрі есте қаларлық болғаны дұрыс.

– Құпиясөз (пароль) орнатыңыз. Қауіпсіздік үшін күрделі құпиясөз қолданыңыз.

– Құпиясөзді ұмытпас үшін қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.

– Электрондық поштаңызды енгізіңіз (міндетті емес, бірақ ұсынылады). Егер құпиясөзіңізді ұмытып қалсаңыз, поштаны енгізу оны қалпына келтіруге көмектеседі.

– Тіркелуді аяқтап, Уикипедияда жұмыс істеуді бастаңыз!
Тіркелудің артықшылықтары:
*  Барлық өңдеулеріңіз жеке статистика ретінде сақталады.
*  Басқа қатысушылармен пікір алмаса аласыз.
*  Бетбелгілер жасау және мақалалар тізімін бақылау мүмкіндігі.
*  Уикипедия қауымдастығына толыққанды мүше боласыз.
Қазақша Уикипедияда өз үлесіңізді қосып, білімді дамытуға атсалысыңыз!

Рекомендации для вас