Бақыт жолы

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру общая психология. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785005686718.

Аннотация

Бұл кітапта түпсанамен жұмыс жасайтын, қысқа мерзімде кез келген, дәстүрлі психологияда қиын шешілетін, психологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін методика қарастырылған. Методика қайтарылымысыз, және теріс әсерсіз жұмыс жасайды, оны психологияның терең білімінсіз қолдануға болады. Алайда ең мықты әсер алу үшін, серіктеспен жұмыс жасау керек. Кітапта жазылған методика 5000-нан жоғары адамға өзінің тиімділігін көрсеткен және уақытпен тексерілген. Оқырмандардың кең ауқымына арналған.

Читать онлайн Олжас Сеитов - Бақыт жолы


© Олжас Сеитов, 2022


ISBN 978-5-0056-8671-8

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

КІРІСПЕ

Құрметті оқырман,

Алдыңыздағы бұл кітап – сізді және сіздің өміріңізді біржола өзгертуге уәде беретін кітап. Дәл қазір қандай жағдайда болып, қандай күй кешпеңіз – мейлі ол жанкүйзелісі не қуаныш болсын, жоқшылық не молшылық болсын, жалғыз не достасып жүрсеңіз – бұл кітаптан сіз психология мен жеке тұлға ретінде дамуға қатысты көптеген сұрақтарыңызға жауабын таба аласыз, ал бұл өз кезегінде өміріңізді әлдеқайда жарқын етіп, көркейте түспек.

Кітаптың «Бақыт жолы. 90 минутта психологиялық травмадан толық айырылу методикасы» деп аталуының себебі не? Мұның себебі, кітапта бір жарым сағат ішінде бақытқа қол жеткізетін рецепт бар! Бұл әзіл емес, маркетингтік айла да, назарыңызды жаулап алуға бағытталған қулық та емес. Бұл утопия да, кітап авторының қиялдары әрі бос уәделері де емес. Психологиялық қай мәселе бойынша жұмыс жасап жатқаныңызға байланыссыз, 90 минут ішінде сізге жеңілдік, түсінік пен ұғымталдық, еркіндік пен бақыт сыйлайтын «пейнхантинг» деп аталатын түпсанамен жұмыс істеудің таңғажайып қарапайым әдістемесімен танысасыз.

Дәлірек айтқанда, 80—90% жағдайда тәжірибелі пейнхантинг маманы, яғни пейнхантер, қолға алған істі 70—90 минутта оң нәтижемен орындап шығады, тек 10—20% жағдайда процесс бірнеше сеанстарды қажет етуі мүмкін. Бірақ пейнхантердің тәжірибесі көп болған сайын, ол кез келген сеансты 90 минут ішінде аяқтап, клиентке жайлы психологиялық күйге жетуіне көмектесе алады.

Пейнхантинг әдістемесі бір күнде пайда болған жоқ. Ол өте көп уақыт пен күш жұмсағанымның жемісі болып табылады. Бәрі де ересек өміріме көп зардабын тигізген балалық шақтағы жан жаралары мен айналадағы дүниеге деген өкпе-реніштен басталды. Ішкі жан-дүниемдегі таусылмас қарама-қайшылықтар, көптеген психосоматикалық аурулар, қайталана беретін жанкүйзелісі, тіпті өз-өзіме қол жұмсауға дейін барғым келгені мені бұл тығырықтан шығар жол іздеуге талпындырды. Проблемаларымның шешімін мен түрлі салалардан іздедім. Дін, психология, рухани тәжірибе және эзотерика, бұлардың барлығымен де шұғылданып көрдім, алайда өмірім айтарлықтай өзгере қоймады. Қайта керісінше, жан-дүниемді тереңірек қазбалап, үңілген сайын, мені ашушаң да қатулы ететін ішкі «жындарым» одан сайын қорқынышты бола түсетіндей көрінді.


Рекомендации для вас