Қанжар

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанрам космическая фантастика, боевая фантастика. Оно опубликовано в 2022 году. Книге не присвоен международный стандартный книжный номер.

Аннотация

2001 жылы 21–ші қаңтар күні Жер ғаламшарына келімсектер келді. Ол кезде біз үшін келімсектердің кім екені де, олардың қай ғаламшардан келгені де белгісіз болды. Адамзат үшін өзге ғаламшарлық қонақтардың тілі, технологиясы, немесе өркениеті белгісіз болған. Бірақ біз үшін анық ақиқат: жатғаламшарлықтардың қару-жарағы бізге қарағанда әлде қайда дамыған, екіншіден, олар оны бізге қарсы қолдана алады және қолданды. Сол жылы жер жүзінде болмаған ең үлкен және ең қанды соғыс болды. Егер бұған дейін адамдар адамдармен соғысса, бұл жолы қанды шайқаста құру алдында тұрғандықтан бүкіл халық ортақ жаумен шайқас үшін бір жұдырық жұмыла жұмыс жасасты.

Соғыстан кейінгі жылдарда тіпті егер алғашқыда қарағанда одақта тату тәтті өмір сүрсек те, «Жер» тұрғындары жатғаламшарлық шабылшыларға қарсы жасырын қарсылық күштері олардың әлсіз жерлерін тауып күшті соққы беруге деген талпыныстарын бір мезетке де тоқтатқан жоқ болатын. Осындай қарсылық күштерінің ішіндегі топтарының біреуі«Қанжар» деген атауға ие.

Читать онлайн М-К. Тузелбаев - Қанжар


Бірінші бөлім: Танысу

2013 жыл. Маусымның жетінші жұлдызы күні.

Қазақстан республикасы. Қызылорда обылысы. Қармақшы ауданы. Жосалы ауылы. «Қанжар» қарсылық – соққы күшінің уақытша тұрғын орны.

– Аяқ астыңа қарап жүрмейсіңбе, Дэмиан – деді Вироника – миының орнына бұлшықет басқан ақымақ.

– Өзің емес пе кеше кешке дейін компьютермен жағаласып отырған қалпыңда ұйықтап. – Ардо күліп жіберді.

– Оның бұған қандай қатысы бар? – Вероника ақпараттық жөніне келгенде ешқашан өзінің кінәлі екенін мойындамас еді.

– Тц. Қалайша қандай қатысы бар?! Сенің ұйқыда қалай тыныш жататыныңды бәріміз білеміз ғой! – Дәмиан да мазақ етіп жіберді.

– Я-я, бәрі менің кінәм. Маған бәрін жаба салың. Ешқандай маңызды нәрсе быт – шыт болып сынған жоқ қой! Бар болғаны бәріміз соңғы 7 апта бойы жинаған және бар болғаны менің соңғы 5 күн бойы ұйқысыз реттеп жинаған мәліметтер бар тасымалдамалы дискет қана жоғалды! – Вироника атылуға дауын тұрған вулкаға ұқсап кетті

– Ештеңе етпес, ішіндегі платаны алып, барлық информацияны қайта қалпына келтіруге болады емес пе, Вироника?! – Дэмиан әңгімені өзінен аударуға тырысты.

– Қалпына келтіруге болар еді, егер оның үстінде 138 килограммдық біреудің аяғы таптап өтпеген болса ғана. О, айтпақшы, Дэмиан, сен неше килограмм тартатын едің? А, я, 138!

– Мәліметтерді ортақ дискетке ауыстырған жоқсың ба?! Ештеңе етпес. Бар болғаны жаңа тасымалдамалы дискетке ауыстыра саласың. – Ардо өзінің күнделікті кофесін енді ішіп бітіріп жатырған.

– Онда болған. Мұнда маңызды сөз «болған». Егер ұмытып қалмасаңдар біздің команда осы қарғыс атқыр ғаламшардың құрып кеткір жатғаламшарлық шабуылшыларға қарсы бейшара жасырын қарсылық күштерінің ең «танымал» құпия соққы күшіміз. Бұл не деген сөз!? Дұрыс, бізге мәліметтерді не бір виджедтте ұзақ уақытқа, не бұлтшада сақтауға бол-май-ды. Егер ол аз болса біздің қазір тұратын орнымыз уақытша ғана, және жоспар бойынша бүгін осы жердің түбінде соңғы күніміз болу керек еді. А, я, болған! Неге болған? Дұрыс, себебі 2 минут бұрын бір топастың аяғы жолда пайда болды! Соңғы екі айға жуық жұмыстың барлына крест койдың. – Веронка әлемдегі ең мықты программистерінің бірі болып келеді. Бәлкін бұл оған әкесінен келген шығар (Верониканың әкесі Андрей 12 жыл бұрын әлемдегі ем қауіпті хакерлердің ішінде үшінші орында тұрған болатын).


Рекомендации для вас