Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер

О книге

Авторы книги - . Произведение относится к жанру документальная литература. Оно опубликовано в 2022 году. Книге не присвоен международный стандартный книжный номер.

Аннотация

Әр адам бала кезінен оны сүйетін әрі болашағына үлес қосатын ересектердің ортасында болады. Олар – ата-анасы, ағалары, тәтелері, ата-әжелері. Сол жандардың сүйіспеншілігі, кеңестері мен қолдауының арқасында бала сүйеу мен өзіне деген сенімділікті сезініп өседі. Алайда жанында мұндай ересектері жоқ жетімдер де бар ғой. Достықтың өлшемі бар ма? Құрылған жұптағы ересектің де, баланың да қол жеткізген нәтижелерін қалай анықтауға болады? Кітапта тәлімгерлер мен қамқорлықтағы балалардың жеке оқиғалары және жоба үйлестірушілерінің түсініктемелері топтастырылған. Жинақтан өзіңіз үшін маңызды жауаптар табарсыз деген үміттеміз. Егер «Тәлімгерлер» жобасына қатысу жайлы ойланған болсаңыз, бәлкім, шешімге келуіңізге кітаптың септігі тиер.

Читать онлайн Айнур Женисбековна Аймурзина, Галия Сабыржанкызы Макулжан - Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер


Бірінші бөлім. Алматы

Қабылдау және сақтау

«Мақсат – достықты мәңгі сақтау»

Тәлімгер – Анар, 31 жаста

Қамқорлықтағы бала – 13-тегі жасөспірім

2 жылдан бері жобада

Анар

Қамқорлығымдағы баламен арамыздағы қарым-қатынас күрделі болды.

Әу бастан бұл тартыс сияқты, ол мені өз өміріне араластырмады, ашылғысы келмеді, кері итерді. Арамыздағы жайтты түсінуге қанша тырысқаныммен, ол аяқ астынан менімен араласуды мүлде доғарды. Себебін біле алмай дал болдым. Жобаның үйлестірушілері де алаңдай бастады. Бірақ бір сәтте жағдайды бар қалпынша қабылдап, қамқорлығымдағы жанның шешіміне сенім арттым. Үш айдан соң ол өзі хабарласып, біз достығымызды қайта жаңғырттық. Сол кезден бастап байланыс нығайып, қарым-қатынасымыз дамудың жаңа сатысына өтті.

Төзімім мен жақсылыққа деген үмітім осынау күрделі кезеңнен өтуге септігін тигізгенін түсіндім. Рас, бұл соңғы кезең емес еді. Пандемия килікті, одан соң карантин жарияланып, біз жүздесе алмай қалдық. Ал балалармен, әсіресе, жасөспірімдермен арадағы қарым-қатынасты ұзақ үзілістен кейін, өкінішке қарай, қайтадан жандандыруға тура келеді. Бірақ бұл жігіт екеуіміздің мақсатымыз бар, ол – достықты мәңгі бақи сақтау. Әзірге қолымыздан келіп жатқан сияқты. Маған оның өз бойындағы ересектік пен балалығын біріктіре алу қабілеті, өз пікірінде тұра алатындығы, талғамы, жүректілігі, батылдығы, өзіне деген сенімділігі ұнайды. Қамқорлығымдағы адамның өзге де қасиеттерін, кейде оңай тимейтін, тіпті ыза қылатын қылықтарын да қадірлеймін. Дегенмен оң өзгерістердің барын да байқаймын. Мысалы, ол эмоциясы мен сезімдерін тануды және мойындауды үйрене бастады. Сондай-ақ өзінің қалауын жақсы ұғуды, ең бастысы, оны іркілмей айтуға дағдыланды. Айта кетерлігі, барынша мақсатқа ұмтылуды үйренді: мектепті сәтті аяқтап, жоғарғы оқу орнына түсіп, IT бойынша мамандық алғысы келеді. Бұған қоса, оның қаржылық сауаты да артты. Жалпы алғанда, ол ержетті, есейді, анағұрлым жауапкершілікті бола бастады және өз бетінше өмір сүруді үйренді. Араласқан мерзім ішінде бұл жігіт өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды, досымдай, бауырымдай болып кетті. Ал кейбір мәселелерде, қаншама тосын естілсе де, ол менің тәлімгерім тәрізді болды.

Жобаның қай-қайсымызға болса да, пайдасы тигені анық. Осы уақыт ішінде адамдардың әртүрлі екенін және сол фактіні қабылдау арқылы салауатты және ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнайтынын түсіндім. Тағы бір тапқанымыз – ойдағы күткенің мен қиялдағы «суреттер» әрдайым шындықпен сәйкесе бермейтінін, оны тек шындықты мойындай отырып, өзгертуге болатынын ұққанымыз.


Рекомендации для вас