Бақбақтың балаларына. Өмір, оның құндылықтары туралы. Сондай-ақ әрине, Жел туралы!

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанрам книги о приключениях, книги для детей, современная русская литература. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785005588579.

Аннотация

Сіздерге ата-ана махаббаты, туған ошақтың жылулығы, отбасының құндылығы мен күрделі таңдау туралы мейрімді және әсерлі әңгіме. Әркімге таныс шынайы сезім туралы. Нағыз өмір және Желдің тағдыры туралы даналық әңгіме.

Читать онлайн Дика Кара - Бақбақтың балаларына. Өмір, оның құндылықтары туралы. Сондай-ақ әрине, Жел туралы!


Перевод книги «Детям одуванчиков» (автор Дика Кара) с русского на казахский язык


Переводчик Ботагоз Смагулова


© Дика Кара, 2021

© Ботагоз Смагулова, перевод, 2021


ISBN 978-5-0055-8857-9

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Кеш түсе бастады.

Күндізгі жылу білдіртпей кешкі салқындыққа ауысты. Барлық тірі жандар әйтеуір жеңіл дем алды.

Өсімдіктер мен жануарлар ұйқыға дайындалды. Ұшпайтын жерлері жоқ шіркей кешкі серуенге шықты. Сол аралықта қарт бақбақ ұйқыға жатар алдында өзінің немерелері – кішкентай бақбақтармен әңгімелесуді жөн көрді.

– Ежелгі бақбақтар өмірдің ең маңызды құндылықтарының бірі – өзіңе таңдау жасау және Желдің сәтті бағытын таңдау деп айтатын. Мен сендерге бұлардың бәрі шартты деймін. Басты құндылық – жаныңда өсетін ата-анаңның жапырағы!

Кішкентай бақбақтар таңқалып бір-біріне қарады.

– Ата, ата-ана жапырағы – ол неге құндылық? – деп сұрады кішкентай бақбақ.

– Маңызды емес. Уақыты келгенде өздерің барлығын түсінесіңдер! – деп күңкілдеді ата. «Е-ее, әлі ертерек, өскен жоқсыңдар», – деп ойлады бақбақ, ал оларға дауыстап:

– Жатыңдар, ұйықтаңдар! Кеш болды. – деді.

Атасының сөзі кішкентай бақбақтың ойынан кетер емес, ол ұйықтай алмады:

– Ата, айтшы, айтшы енді, не туралы айттың? Ол нені білдереді? Оны айту саған неге тұрады? Даналықпен бөлісші!

– Даналықпен бе… әлде ақымақтықпен бе… – деп, жұмбақтап, көзін ашпастан жауап берді.

– Айтасың ба? – деп немересі қоймай сұрады.

– Жарайды, тыңда, – бақбақ есінеді де асықпай әңгімесін бастады.

Өте әдемі тау беткейінде бақбақтар өмір сүрді. Ізгі ниетті жандар таза ауамен және Күннің үздіксіз аналық қамқорымен ерке болып өскен еді.

Сәуір айында алғашқы қар түсе салысымен кішкентай бақбақтар бірігіп жарыққа ұмтылды, енді олар өздерінің ләззатына өмір сүрді. Оларға жануарлар, құстар және өтіп бара жатқан жолаушылар таң қала қарайтын.

Олар әлемге жарқын күлкілерін сыйлай отыра Күнге қарай тартылатын және әркүнге шынайы қуанатын.

Әр таңда кішкентай бақбақтар бірінен соң бірі Күннің алғашқы шуағымен тәтті бойкүйездікпен оянып, тартылады және өздерінің ашық сары бөріктерін киіп отырады. Күн батқан соң ұйықтар алдында олар жылы алаңсыз түннің өсімдіктеріне, жорғалаушыларға, жүгірушілерге, жүрушілер мен ұшатындардың барлығына тәтті түнді тілеп жататын. Солай күннің артынан күн өтті.


Рекомендации для вас