Красная шапочка. Қызыл телпек

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру стихи и поэзия. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785005577306.

Аннотация

Красная шапочка – любимая девушка автора, которая появилась в его жизни, как в сказке.Қызыл телпек – автордың ертедегідей армандаған сүйген адамын шынайы өмірде кездестіріп, арнаған жинақ өлеңдері.

Читать онлайн Нариман Абылай - Красная шапочка. Қызыл телпек


© Нариман Абылай, 2021


ISBN 978-5-0055-7730-6

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero


Красная шапочка- Қызыл телпек


Эх, сүйгенім, сүйгенім

Сені сүйіп күйгенім

Қанша жылдар өтсе де

Әлі ойлап жүргенім


Эх, сүйгенім, сүйгенім

Сезімімді сезбедің

Саған деген жүректің

Жылуын да көрмедің


Эх, сүйгенім, сүйгенім

Сенен артық жанды кезбедім

Қанша сұлу болса да

Жүрекке жақын көрмедім


Эх, сүйгенім, сүйгенім

Сабырлықпен күткенім

Саған деген сезімім

Көрдің бе оңай өшкенін?


Эх, сүйгенім, сүйгенім

Хәліңді мен білмедім

Тәккәпарлықты қоя тұр

Бос болса сенің жүрегің

17/03/2021


Сұлулықтың белгісі қыз дегенің

Табылмас оңай іздегенің

Түсіну қиын-ау біздей жанға

Құпия ға толы қыз әлемін


Қыз дегенің сырласар сыңарың

Талай ақындар төкті ақ жырларын

Жүрекке жетпегені айдай анық

Самғаған талай қырандарың


Қыз дегенің жаралған қабырғаңнан

Сыйлығың болар Жаратқаннан

Қыз дегенді аялап, сүю керек

Мейіріммен келген бір Алладан

27—28/03/21


Қайтадан жанды жүрегім

Қабыл болып тілегім

Иншалла болар жоспармен

Боларсың жан-тірегім


Қасың қандай әдемі

Санаулы тұр әр меңі

Қара көзің ботадай

Ғашық қылған мына мені


Сөйлеген сөзің орынды

Тәрбие бойыңнан көрінді

Әр сөзің шыққан жүректен

Араның балындай төгілді


Дауысың құлаққа жағымды

Әсем әндей тұрар сыңғырлап

Таң атқанда Алланың

Сол даусыңмен мені оят

4—5/04/2021


Есім кетер бір өзіңді көргенде

Сенен асқан сұлу жоқ әлемде

Іздегенім «сен едің» біліп жүр

Таңбаланып есімің жүрегімде


Жүрегім соғар есіміңнің әрпімен

Орын табу қиын болар жүрегіңнен

Аңсаймын сені мәңгі бақ құсым

Қия алмаймын біліп жүрші өзгемен


Жүрегім тынышталар өзіңмен

Көңіл толқып әсем сезіммен

Қос жүректі қосып, бүтін ғып

Аяқ басып ғашықтардың ізімен


Сен болмасаң жүрегім қаралы

Жалындаған сезімім де жаралы

Бұл жүректі болса да жөндеуге

Сенде ғана бар оның құралы


Сезімімді айтып саған білдірем

Асығыстықпен бәрін бүлдірем

Жүрегіңнен маған орын бер

Бір өзіңді біле бергін мен сүйем


Сүйемін сені ақтық демім кеткенше

Сен сұлусың, ақылдысың өзгеше

Бір Алладан сені тілеп едім

Ал не дейсің маған ендеше?

07/04/2021


Махаббат кірпіштен құрылған қабырға

Өтпес сезімім, білемін, сол адамға

Шын ғашық едім еш ойынсыз

Шын ғашықпын сол адамға…


Әнім сен едің жүрегімде

Жоқ десең бағыт өзгере ме

Саған қарай жол іздеймін

Сенің нәзік жүрегіңе


Сұлулар көп шығар дегенменен

Таба алмас орын жүрегімнен

Сондықтан дұрыс түсін мені

Өзіңсіз өртенер жүрек өзегімен


Рекомендации для вас