Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру историческая литература. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785005549501.

Аннотация

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап


Дизайнер обложки Анна Семенова


© Қанат Жойқынбектегі, 2021

© Анна Семенова, дизайн обложки, 2021


ISBN 978-5-0055-4950-1 (т. 2)

ISBN 978-5-0055-4948-8

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Шоң болыс

Карбышев бірде Омбыға барғанда Павловичтің орнына отырған адамға кіріп шыққан. Ол әңгіме үстінде, «Сіз ана Жайықбаевты ренжітпеңіз» – деді. Карбышев Ыбырайдың да бұған тесік тапқанын білді. Сонау жылдары Атбасарда старшина болып істеп, орыстармен сиыспай Ақмолаға қайтып келген. Атасы Қоңырқұлжаның қарауында істеп жүрген. Атасы ауырып қалғанда біраз уақыт оның орнына дуанбасы болған. Онда Омбыда губернатор қарауында істеп жүрген Карбышевтің өзі оны атасының орнына қоюға себепкер болып еді. Өзі ояз болып келгенде де жұмысына араласып отырған. Бір аздау жанжал болып, содан Карбышев оның шын бетін біліп алған. Ол кез-келген бастықтардың басын ақшамен айналдырып алады деген Шоңның сөзіне Карбышевтің көзі енді анық жетті. Губернатордың жаңа орынбасарының да тілін тапқанын білді. Жайықбаевтың соңғы кезде айтқанын тыңдамай, өз қалауымен іс жасап жүргенін білетін. Ол мұндай еркіндікті губернатордың жаңа орынбасары арқасында алып жүргенін де біліп қалған. Карбышев оны мұндай еркіндікке жібергісі келмеді.

Карбышев сол жолы генерал-губернатордың өзіне кіріп, уездегі біраз жағдайды баян еткен. Төрелердің киргиздарға әлі де билік жүргізетінін, оларға айтқандарын жасатып, болыс сайлау тұқым қуалаушылыққа айналып кеткенін, өңкей болыстар өзі орнына, көбіне жергілікті билермен ақылдасып алып, баласын, болмаса інісін қойып, бұл жұмысты өз меншігіне айналдырып алғанын айтқан. Губернатор мұндай сөздерді басқа уездерден де естіп отырған.

Губернатор ойланып отырып: «Болыстарды ондай еркіндікке жібере берме! Онда орыс билігі азаяды. Тіліңді алмайтын болыстардың бәрін қу!» – деп тапсырған. Екеуінің де ойлары бір жерден шыққан еді сол жолы. Карбышевке губернатордың мына сөзі еркіндік, күш бергендей болды.

Ол келісімен көбіне өзінің сөзі емес, Ыбырайдың тілін алатын болыстарды өзгерте бастаған еді. Сайлауға өзі бармайтын, жергілікті билерге жаманатты болмау үшін әдейі Ыбыраймен бірге Герасимовты жіберіп, болыс етіп пәленшені, түгеншені сайлауды ашық айтатын алдында. Алайда, көбіне Ыбырайдың дегені болып келіп жүрді. Жергілікті билер көбіне соны қолдайтын. Осылайша Ыбырай болыс сайлауын өткізуді пайда табу көзіне айналдырып алған. Мұны білген Карбышевтың іші күйіп кеткендей болды. Жайықбаевтың қалтасына көп байлық түсіп жатқанын жақтырмады. Содан оны болыс сайлауынан біржола айыруды ойлады. Енді көбіне Герасимовпен бірге Ыбырайды жібермейтін болды. Жергілікті болыстарға жаманатты болмау үшін Карбышевтың өзі де бармайтын. Болыс сайлауына көбіне Герасимовпен бірге тіл алғыш заседательдерді жіберетін. Ыбырайсыз өткен алғашқы сайлаудан соң жергілікті бір болыс Ыбырайға келіп, өкпесін айтқан. Ол болса Карбышевке кіріп, ренішін білдірген еді. Содан Ыбырай мен ояз арасында біраз әңгіме болып қалған. Карбышев оған айтты:


Рекомендации для вас