Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанрам мотивация, книги по философии, общая психология. Оно опубликовано в 2021 году. Книге не присвоен международный стандартный книжный номер.

Аннотация

Адамның өз мүмкіндіктерін іске асыруға деген құштарлығы бар. Проблема мынада, бұл өсуге және дамуға деген ұмтылыс – бақытты болуға және қанағаттануға кедергі келтіреді. Бізде өмір туралы үш қате сенім бар:

Біріншісі: менде жоқ нәрсе, менде бар нәрседен артық. Бізді қоршаған өмір, әрқашан біздің барымыздан артығырақ болып көрінеді.

Бұл сенімдердің екіншісі – менде бар болса да, көбірек болғаны жақсы болар еді.

Және үшіншісі: мен қалағанымды алсам не қалағаныма жетсем, мен бақытты боламын!

Читать онлайн Нарша Булгакбаев - Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы



Сіздің өміріңіз, проблемаларды шешумен ғана байланысты ма?

Батыста «бақыт этикасы» деп аталатын нәрсе бар. Қарапайым тілмен айтқанда, бақыт этикасы былай дейді: «Қалағаныңды алсаң, қалауыңа жетсең бақытты боласың». Егер біз көп жұмыс жасап, өміріміздегі барлық проблемаларды шешсек, бір күні (бір күні болмаса әйтеуір бір күні) біз бақытты боламыз деген теорияға негізделген. Біздің өміріміздегі ойлар мен әрекеттердің көпшілігі проблемаларды шешуге бағытталған. Біз бәріміз білгеніміздей, біз ойлаған нәрсе біздің шындыққа (өмір шындығына) айналады.


Сонымен, сіз көп жағдайда не туралы ойлайсыз? Әдетте проблемалар туралы ойлайсыз. Шынында да, көпшілігіміз таңертең төсектен тұрғанда ойлайтын бірінші нәрсе – біз сол күні шешуіміз керек барлық проблемалар және біздің сол үшін қанша уақыт жұмсап, не істеуіміз керектігі.


Біз «ЖОҚ» нәрсені ойлауға дағдыланғанбыз, «БОЛУЫ КЕРЕК» туралы нәрселерді ойлауға дағдыланғанбыз, және содан кейін жағдайды қалай «ТҮЗЕТУГЕ», «ШЕШУГЕ» немесе «ЖАҚСАРТУҒА» болатындығы туралы ойлауға дағдыланғанбыз. Және осылайша, енді ғана оянып жатып, сіз барлық проблемаларыңызға автоматты түрде назар аудара бастайсыз, сіз сол күні қарсы тұру керек болатын проблемаларға. Алайда, егер сіз өз өміріңізге шынайы көзқараспен қарасаңыз, сіз сезетін боласыз – проблемаларды шешу, еңбек ету және қалаған нәрсеге ие болу, сіздің өмір сүру сапаңыздың түбегейлі фундаментін жақсартпайды. Шындығында, мұның бәрі, бәлкім, сіздің өміріңіздің сапасын нашарлататын шығар, сіздің өміріңізді қызықсыз, мәнсіз, мағынасыз және өзіңізді басқалардың алдында тартымсыз ететін шығар…


Өмір – бұл шығармашылық процесс

Шығармашылық процесс туралы сөйлесейік. Сіз бен біз өз өмірімізді ең жақсы түрде құрғымыз келеді. Ол үшін, біз өмірмен бірге жүзуіміз керек, өмірге қарсы жүзудің орнына. Өмірмен бірге жүзу үшін бізге өмір заңдылығы бойынша жасау керек:


1) БОЛ 2) ІСТЕ 3) АЛ


Біз БОЛ – ды ұмытып кетіп, бірден ІСТЕ – ге кірісіп, АЛ – уға жанталасамыз.


Жаратылыс заңдылығы бойынша адам өмірі болмыстан нәтежиеге (яғни бір нәрсе істеу, сосын бір нәрсеге қол жеткізу) дейін жалғасады. Болмыс деген сөздің не екенін түсіндіріп өтейін, оны басқаша адамның қазіргі шынайы жағдайы деп атайды. Адамның болмысы (ішкі жағдай) болады және оның тұрмыс-тіршілігі (сыртқы жағдай) болады, бірақ біз өкінішке орай сыртқы жағдайымыздың жақсы болу керектігін білеміз, алайда ішкі болмысымыздың мінсіз БОЛУ керек екенін білмейміз. Біз үшін өмірдегі бақыт тек тұрмыс-тіршілікпен өлшенген. Біз жаратылған сәттен бастап мәңгілік бақытты БОЛУ үшін жаратылғанбыз (ерте ме кеш пе, ол маңызды емес). Ал біз бақытсыздық деп санайтын нәрселердің барлығы иллюзия. Ол бәрібір түбінде ұмытылады, сіз жеңіп шығасыз, екі өмірде де, жалпы бір-ақ қана бақытсыздық бар – ол сыналу (сынақ), бірақ бұның өзі бақытқа апаратын жол, себебі біз бұл Жаратушының методикасы арқылы шыңдаламыз.


Рекомендации для вас