Көттi қысқан бай болар

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанрам просто о бизнесе, руководства, прочая образовательная литература. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785005532930.

Аннотация

Менің есімім Даулет Арманович, мен жоғары оқу орнының ұстазымын, кәсіпкермін, инвестормын, енді жазушы атандым. Осы кітапты не болса да жазуым керек болды, өйткені ол ақшаға байланысты барлық түрлі сұрақтарға жауап береді. Бұл кітапта жазылған әр қадамды қолдансаңыз, алдыңызға қойған кез келген мақсатқа жетесіз.Кітаптың орыс тіліндегі атауы «1 000 000 долларов в инвестициях на пальцах», атына заты сай келетін нағыз, пайдалы әдебиет!

Читать онлайн Даулет Арманович - Көттi қысқан бай болар


Переводчик Бейбит Шагановна Солтанкулова

Дизайнер обложки Дмитрий Миронов

Редактор Инара Ахметжанова

Редактор Азымбек Адильгазы

Редактор Рахат Баттал

Редактор Айнель Аманбекова

Редактор Айбар Жандарбеков

Редактор Гулинур Мухтарова


© Даулет Арманович, 2021

© Бейбит Шагановна Солтанкулова, перевод, 2021


ISBN 978-5-0055-3293-0

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Даулет Арманович

Көттi қысқан бай болар

Бұл кітапта пирамида, спортқа бәс тігу және басқа да кәззап ұтыстарға жатпайтын тұрақты қаржы құралдарын таба аласың. Бұл құралдарды мен, менің студенттерім, клиенттерім, достарым және Forbes тізімінің үштен бірі қолданып көрген. Бұл кітапта көрсетілген стратегиялар миллионды бір айдың ішінде жинақтауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен кітапты оқып шыққан соң, сол миллионды, уақытыңды бостан босқа сауда-саттық, талдауларға жұмсамай, жайлы өмірден бас тартпай, қалай табуға болатынымен таныса аласың.


Бұл кітапта атауында көрсетілгендердің бәрін табасың. Оқып шыққан соң ең тұрақты, классикалық, консервативті қаржы құралдарын пайдалана отырып (пирамида, Форекс, спортқа бәс тігу және басқа да күмәнді табыс табуға жатпайтын) бір миллион доллар табу капиталының қаржы жоспарын құрастыра аласың. Бұл құралдарды мен, менің студенттерім, клиенттерім, достарым және Forbes тізімінің үштен бірі қолданып көрген. Бұл жерде көрсетілген стратегиялар миллионды бір айдың ішінде жинақтауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен кітапты оқып шыққан соң, сол миллионды уақытыңды бостан босқа сауда-саттық, талдауларға жұмсамай, жайлы өмірден бас тартпай қалай табуға болатын жолымен таныса аласың.

Ата-анама арнаймын – олардың көмегісіз мен де, әрине, бұл кітап та болмас еді. Әке, анам! Алдарыңда бас ием, сіздерге деген алғысым шексіз!


Кіріспе

Қымбатты оқырман! Осы кітапқа көңіл аударғаныңызға ризамын. Қазір қысқаша бұл кітаптың кімге, не үшін, өзі үшін пайдалы не табатыны және менің кім екенімді айта кетемін.

Танысқаныма қуаныштымын, мен-Дәулет Арманұлы, кәсіпкермін. Екі бизнесім бар: жаттықтырушы залмен кішігірім коммерциялық жылжымайтын мүлік. Және де ХБА бакалавриат студенттеріне дәріс беремін, оған дейін бүгінгі AlmaU мен Қазақстан-Британ техникалық университетінде (Қазақстаннан болсаңыз олар туралы естіген боларсыз) жұмыс істеп көрдім.

Дәріс беру менің негізгі ісім еместіктен пәндерім аз, дегенмен менің сабақтарымды студенттердің көпшілігі нағыз адал, қызықты да өте пайдалы деп санайды. Пәндерім «Кроссмәдениетті менеджмент», «Практикалық менеджмент», «Business communication» деп аталады. Жеке қаржы мәселесін үнемі қозғап отыратынмын, бірақ пәндерім мен берілген уақыттың шектеулігіне байланысты студенттеріммен өзімнің, өзгелердің ақша жұмсау тәжірибесімен бөлісе алмадым.


Рекомендации для вас