Гүлмінездің гүлдері

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру книги для детей. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785449898593.

Аннотация

Қайран, шіркін, балалық,(Келер ме еді оралып).Тал бойыңа сіңіпті,Ана сүтпен таралып:Риясыз аңғалдық,Кіршіксіз адалдық,Күлкі қыстар шалалық,Білім құштар даналық.Балалардың жоғарыда аталған мінез-қасиеттері осы әңгімелер жинағында толығымен көрініс тапқан. Ұстаздар мен тәрбиешілерге қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте ыңғайлы.

Читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері


Иллюстратор Олимпиада Грачева

Редактор Жақсылық Кенжалиев


© Кеңес Оразбекұлы, 2020

© Олимпиада Грачева, иллюстрации, 2020


ISBN 978-5-4498-9859-3

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

ГҮЛМІНЕЗДІҢ ГҮЛДЕРІ

(әңгімелер мен этюдтер, санамақтар жинағы)

Редакторы: Жақсылық Кенжалиев.

Суретшісі: Олимпиада Грачева.


Балалар жазушысы Кеңес Оразбекұлы – әңгіме, ертегілері оқулық, хрестоматия-ларға еніп, оқырмандарына кең танылып қалған қаламгер. Оған қоса оның «Ертегі туралы ертегі», «Иол – мәңгілік ағашы», «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нұр-дың ерлік жорықтары», «Наурыз көже», Оңтүстік Кореяда төрт тілде (қазақ, орыс, корей, ағылшын) шыққан «Жыл басы қалай анықталды?», «Жерұйық іздеген Кірпі мен Қосаяқ», Ресейдің «Ридеро», «Литрес», «Озон», «Амазон» және т. б. интернет-дүкендерінде екі тілде (қазақ, орыс) сатылымға шыққан «Жарғақбас, Кылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары», «Таң нұрындай Таңсұлу», «Қазақтың алпыс батыры», екі кітаптан тұратын «Қанатты сөз – қазына», «Жылыңды білесің бе?» және тағы басқа кітаптары да оқырмандарының қызығушылығын оятып, ыстық ықыластарына бөленді. Енді міне, бұл жолы «Гүлмінездің гүлдері» атты әңгімелер мен этюдтер жинағын ұсынып отыр. Қаламгердің бұл жинағы да оқырмандарының сондай ілтипатына бөленеріне сенімдіміз.

МҰХАМЕДЖАННЫҢ МҰРАТЫ

(Мұхамеджан Тынышбаевтың рухына арнаймын)

СЫНҒАН ТАЯҚША

Үзіліс уақыты. Сынып ішінде Мұхамеджан – жалғыз. Ол тақта үстіне ілінген Ресей империясының саяси-әкімшілік картасының алдында тұр. Қолында – басы үшкір ұзын таяқша. Таяқшаның ұшын карта бетіне жүгіртіп, қазақ елінің аумағын ойша белгілейді. Өйткені картада оның шекарасы атымен жоқ. Тек Ресейдің губерниялары мен уездерінің шекара сызықтары ғана. Еділ, Жайық, Торғай, Сары-арқа, Алтай,

Жетісу, Түркістан, Сырдария, Арал… Бұл өңірлердің бәрінде қазақтар мекендейді. Ендеше бұл өлкелер – қазақ жері. «Шіркін! Осы өлкелердің басын қосып, қазақтың өз мемлекетін құрар ма еді. Ол үшін мына кең-байтақ жерді Ресейдегідей игеріп, қалалар салып, өндіріс орындарын ашып, астана – орталығын орнатса. Астанаға қай қала лайық? Осы Верный қаласы қолайлы болар. Онда мына өлке-лердің бәрін Жетісумен байланыстыратындай етіп жолдар салуды қолға алған жөн. Өйткені, адамның он екі мүшесін басқару үшін жүрекке қан тамырлары қандай маңызды болса, мемлекет үшін де жол қатынасы сондай маңызды. Иә, иә, мемлекет құру үшін ең алдымен жолдар қажет. Сонда ғана қазақ елін тәуелсіздікке жеткізе аласың. Ендеше жол құрылысын салудың ғылымын меңгеруге ұмтылу керек…»


Рекомендации для вас