Тұран дүниетанымы. Дух цивилизации кочевников в ее религии

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру общая история. Год его публикации неизвестен. Международный стандартный книжный номер: 9785449691958.

Аннотация

Душа цивилизации кочевников – ее мировоззрение. Перед вами книга на казахском языке, показывающая вам какое же оно, это мировоззрение кочевников, которых веками выставляли варварами.

Читать онлайн Жалғас Сүйеніш - Тұран дүниетанымы. Дух цивилизации кочевников в ее религии


© Жалғас Сембайұлы Сүйеніш, 2019


ISBN 978-5-4496-9195-8

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Тұран дүниетанымы

«Әубаста шежіресі»

I. Өлгеннен

1. Әубаста, тек жаратқанның өзі болды.

2. Ол шын дүние, және мәңгі болып қалады. Ол дүниенің өзі де, заты да, негізі да Жаратқан.

Адам баласы өз ой санасының тарлығынан, өзін жаратқанға жақындату ойымен, шын дүниені бөлек, ал жаратқанды тек ол дүниенің билеушісі ретінде қарайды, бірақ ол қате көзқарас.

3. Сол әубаста уақытына қатысты, жаратқанның тұңғыш есімін «Өлген» -ді айтады.

4. Жаратқанның бұл есіміне сүйене, адам баласы жалғаннан дүние салып, жаратқанның құшағына қайтқан жаратылысты «өлген» дейді.

5. Жан салғанды жаратқанның есімімен атау жәйдан жәй емес, ол ақ бата, өйткені жан салған адам баласы болсын, басқа жаратылыс болсын, ол жаратқаннан кері айналып, алғысын айтпаған сорлы болуы мүмкін, сондықтан жаратқан қайтқанның күнәларын кешіріп жанын құшағына алсын деген ниетімен оны «Өлген» дейді.

6. Жаратқанның екінші есімі «Құдай», жалған дүние жаратылу уақыт барысына қатысты айтылады. Ол кезеңге қатысты жаратқанды «Құдай» деу себебі келесіде, өйткені, жаратқанның жалған дүниені жаратуы адамзат үшін өте құдды болды, сондықтан адам баласы сол кезеңді сөз еткенде жаратқанды «Құдай»

дейді, егер жаратқан жалған дүниені жаратпағанда, кәзір адамзат та болмас еді.

7. Жалған дүниені жарату жолында, Құдай ең бірінші алып рухты жаратады, ол рухтың есімі «Ерлік», бұл рухты Құдай жалған дүниеде елшісі және құт-құдыретін таратушы болсын деп жаратты.

8. Содан соң, Құдай бүткіл жалған дүниені жаратты, жалған ол тұтасты толық дүние, адамзаттың бастамасына дейінгі өткен жолын, жалғанның да тарихы ретінде қарау қателік, өйткені, жалғанның ішінде адамзат бастамасынан ақырына дейін бір тамшымен тең, ал шын дүниеде күлтіктен де әлде қайда кіші.

9. Сол жалғанның ішінде кейіннен адамзатқа үй болатын жер де болады. Бастапқыда, жер қараң болды, бірақ Құдай Ерлікке жерді жәннәтқа айналдыруды бұйырады.

10. Ерлік алдымен жер сыртын суға толтырады, солай мұхиттар пайда болды, сосын су астынан сазды алып оны жердің үстіне төкті, солай түзу жерде таулар мен жартастар пайда болды.

11. Өз ісіне көңілі толып, Ерлік мақтанышпен Құдайға оралды, бірақ жаратқан алып рухтың ісін толық деп санамады. Құдай жерді өсімдіктермен жануарларға толтырды және жалғандағы әр тірі жаратылыс қараң болмасын деп құт көздерін жаратты, жерге басты құт көздері – күн мен ай болды.


Рекомендации для вас