Шежірем сыр шертсе

О книге

Автор книги - . Произведение относится к жанру биографии и мемуары. Оно опубликовано в 2019 году. Книге не присвоен международный стандартный книжный номер.

Аннотация

Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін он

Читать онлайн Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе



Бұл еңбегімді шежіремдей ғұмырлы болғай деп онымен

бір жылда дүниеге келген немерем Таиржанға арнаймын


Λ Ω+V

(Дойт)


Шежірем сыр шертсе

Сарықасқа Келменбет батыр ұрпақтары хақында



Шежіреміздің біраз жерінде есімі ауызға алынған, бұған дейін асқақ та әсем Алматы қаласында бой түзеген еңселі Жалаңтөс баһадүр мешітінің құрылысы мен тағы бір-екі құнды деген тарихи кітаптардың жарық көруіне демеушілік еткен Мырзабай баба ұрпағы Жүсіпбекұлы Айтмахан ағамызға зор алғысымызды айта отырып, бұл жасаған садақасын Аллаһ қабыл қылғай деп дұға етеміз. Сондай-ақ шежіремізді басып шығаруға басынан-аяғына дейін аянбай қызмет еткен Баис бауырымызға да үлкен рақмет, ілтипатымызды білдіреміз.


Аңдатпа


Автор шежіреден гөрі монография іспеттес етіп жазған бұл еңбегін жеті атадан бастап, оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі "қазақ" мәселесін сараптаумен жалғастырады. Сөйтіп оқушы қауым мен тарих мамандарына оны әрі қарай тереңірек зерттеуге ой салады. Мұнымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Шөмекей атауының этимологиясы мен таңбаларын жан-жақты талдай келе, олардың шығу тарихына ғылыми тұрғыдан қарау керектігіне тоқталады. Шежіре соңын ата-бабаларына арналған естелік– эсселермен аяқтайды.


Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді.

І.Жансүгіров


Автордан


Әулет шежіресін екі үлкен тарауға бөліп жаздық. Бірінші тарау кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін бөлімдермен басталып, аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі арғы бабамыз Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқталады. Бір айта кетер жайт, Бозғыл, Келменбет, Есбол, Метей, Өтебай, Құдайғұл баба тектерін өрбітерде негізінен Зайыр Сәдібековтың «Қазақ шежіресіне», Тұрлыбек Деменұлының «Келте тонды Келмембет» шежіресіне, Хамит Мадановтың «Кіші жүз шежіресіне», Тынышбек Дайрабаевтың «Кете–Шөмекей шежіресіне», Мақсұт Неталиевтің «Кіші жүз шежіресіне», Жарылқап Бейсенбайұлының «Кіші жүз шежіресіне», «Нұрмұхамедұлы Жанқожа батыр шежіресіне»


Рекомендации для вас